Posted in

ЖАС ИІС

а) Жас әйел. (Көбінесе шалға тиген жас әйелге қатысты айтылады.) ~ Көрпе үстінде сақалымен ойнап қаннен-қаперсіз
бір шал жатыр. Қасындағы бозөкпе бала бір дорба асығын қайта-қайта үйіреді… Жас иіс жоқ үй екен. Р.Отарб.
~ Әй, антұрған, – деді оған Рәш. – Жас иістің буы ұрды ма? О заман да бұ заман күйеубаласымен қылжақтасқан
кімді көрдің. Т.Әл. ~ Дохалдайдың бұрынғы әйелі қайтыс болып, осы былтыр ғана Кехалдайдың жетіп отырған сұлу
қызына үйленген- ді. Әлі төсек қызуы басылмаған сол жас иіс есіне түскенде, кейде уақсыз уақытта оқыранып,
осылай асығыс үйге келетіні болушы еді. Қ.Жұм.
ә) Нәресте, сәби бала. ~ Сендерді ағайын деп арқа тұтып келдім, сөзімді сөйлер, меселімді еткізер деп келдім. Енді
қартайғанда бір жас иіс иіскеп, нәрестенің дауысын естірмін… — деп барып, біржола іркілді. С.Мұр. ~ Өз балалары
әлдеқашан саяқ болып кеткен ана жас иісті аңсап жүргенде, Алланың бере салған сыйы — қара қызын қызықтап, аса
жақсы көріпті. Ү.Жәл. ~ Байқаймын, сендер де бір жас иіске зар боп отырған сияқтысыңдар. Құдайдың пейілі түскен
күні оған да жетерсіңдер. Әзірге осы баланы бауырларыңа сала тұрсаңдар деймін де мен… Д.Әш.