Егіліп жылады. ~ Соға-соға жүрек тозды, тілек тозды, жүрек тозды: өмір тозды. Талай түндерде көзден емес, жүректен ыстық жас төкті. Сопы болды, ылғи дәрет алып, таза жүрді, намаз оқыды. М.Жұм. ~ Көш іркіліп түр. Қара күз аспаны бұлыңғыр. Қара сұр дала қыбыр ете алмай құлақ түреді зарлы үндерге. Хансұлу “Апалап” жас балаша еңкілдеді, шешесін құшақтап. Сырға бәйбіше екі иығы бүлкілдеп үнсіз жас төкті. С.Ел. ~ Сонсоң Ана жас төкті еңк-еңк етіп, еңкілдеп, Тәңіріні тұрлаусыз жан екенсің деп тілдеп, жететұғын жеріме жеткізбедің мені деп, еңіреп есті жел үдеп, жылады Ана еңіреп: “Құлыным-ай, сүтімді ақтай алмай кеттің”, — деп. Ж.Нәж.
