Posted in

ЖАТА-ЖАТА ЖАМБАСЫ ТЕСІЛДІ (ТАЛДЫ)

Ұзақ жатты, құр жата беруден жалықты. ~ Жата-жата жамбасы тесілді. Іртік-іртік мақта көрпені иегіне артып, көрген түсін ойлады. М.Қаб. ~ Жата-жата жамбастары тесілген май бастар алыстағы Керегетастың арық-тұрағын, иә, ойлар! Апаш-құпашта қойға бәрі жарайды деп, төлдің жемін тией салыпты. М.Қаб. ~ Байлаулы қолын босатқан Қадишаға ескі-құсқы көрпе мен кигіз әкеп тастаған. Жата-жата жамбасы талды. С.Жүн.