О бастан, тумай жатып бұзылған д.м. ~ Сосын бүкіл
перғауынды түсіреді ол төменге, деміменен сенбейді олар –
аспанға ұшты дегенге, дүкендерді сағалаған қосып
маскүнемдерге Жатырынан қағынған деп жатқызып кеп
береді… (ауыздарын боқтықпенен көмеді). К.Мырз. ~ Сонан
соң өзінің өгей ұлы Олжабайға бұрылды. Ол да қазір жасы
жиырмадан асып, соқталдай жігіт болған. Жасынан тым
ерке– тәйтік өскендікі ме, әлде жатырына тартып кетті ме,
мінезінің ептеген аусарлығы бар еді. Қ.Жұм. ~ Сіз көшпелі
қазақтың сырын білмейсіз, – деп жауап қайырды оған ділмар
Ноғайқұл. – Бұлар шешесінің жатырында қағынады. – Что
такое «жатыр?» деп орыс төрағаға бұрылды. Қожалақов
күлді. Т.Әл. ~ – Сен де, қай – қайдағыны ойлайды екенсің, он жыл
бұрын ол жас бала емес пе еді? – Қайдағы жас… Оның үстіне нағашыларына тартып,
жатырынан қағынып туған бала болса… К. Ахат. ~ Борқанның аза бойы қаза болған. Сол өздігінен жазық жерде түзге отыра алмайтын адам енді келіп үлбіреген қызды… Бұл ұрғашы біткен туғаннан жатыры қағынған әлгі экономист келіншек деп жүр ме. Бірінші секретарьлығына баспақ. Не қылса да, енді аулақ. Н.Дәу.
