Пәлеге өзі ұрынды, сау басына сақина тілеп алды. ~ Бірақ мына сығыр мұның ішіне бүккен небір қоясын біледі ғой, байбалам салып бықсытып жүрсе… Жасиісі құрсын, жатқан жыланның құйрығын басып не соры. Т.Сәу. ~ Өшіресің бе үніңді, жоқ па?.. Жатқан жыланның құйрығын неге басасың? Ұрлық айтысқың келе ме? Қане, айтып көр!.. Б.Майл. д.м. ~ Башқұрттар өздігінен қодыраңдап жүрген жоқ, бір шапқанда бес шапқанына қарағанда қолтықтарынан дым бүркушілер бар деседі, Елші аттандырамыз деп, жатқан жыланның құйрығын өзіміз бастық. Ә.Кек. ~ Ол дүрбелеңге мен әдейі соғыс тілеп, қанға жерік болғаннан, не жаннан күдер үзгендіктен араласыппын ба. Жатқан жыланның құйрығын басқан Хэбен- амбы мен Шаған-кегеннің өздері той, — деді әлден уақытта. Қ.Жұм. ~ Тұра қашқандай болған жоқ па, батырың. Жатқан жыланның құйрығын басқан өзі. К.Қаз. ~ Мұндай нәзік әрі нойыс сөзді Әйеш екеумізге Аққұмның ешбір жігіті батылы жетіп айтқан емес. Ғайша ғой жатқан жыланның құйрығын басқан. М.Қаб.
