Posted in

ЖАТҚА СОҚТЫ

Жадына сақтаған әлдебір мәтінді мүдірмей, ысқыртып айтып шығу туралы. ~ Сірә, Мұратханның ит таңдауға келгенде бөлекше сыйқыры бар білем, дүние жүзіндегі ит атаулының тұқым- жұрағатын жатқа соққанда кісі жаңылдырады. Қ.Жиен. ~ Бұрын періште деген сөзді талай есітіп жүрсе де, өзі жатқа соғатын ертегі- жырларда талай- талай айтып жүрсе де, “періште” деген сөз бұл үшін мағынасыз, көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін мағынасыз дыбыс қана еді. Ә.Тар. ~ Абайдың «Қыр мұрын, қыпша бел; солқылдар соқса жел» деген өлеңін кез келген жерде орынды- орынсыз мысалға алып, жатқа соғады. З.Қабд.