Posted in

ЖАТ БАУЫР ТАРТТЫ

Көңілі суыды; бөтенси бастады. ~ Жат бауыр тартып, бiртiндеп ұмыта бастаған болармын мен де, әйтеуiр тап басып жыға тани алмай, әрi-сәрi күйге түскенмiн. Ж.Шағ. ~ Елтай бөгелді. Алыстағы ата-анасын іздесе, бұған жат бауыр тарта бастағаны. Қылт етіп, өкпелей қалды. М.Қаб.