Posted in

ЖАТ БОЛДЫ (БОЛЫП КЕТТІ)

Бөтенсіді, алыстап кетті, аралары суыды. ~ Жылдар бойы бірге жүріп, бір күлген, Жақыныңның жат боларын кім білген. М.Мақ. ~ Өз үйі өзіне жат бола бастаған жас қыз ыстық тәнін пысынатқан ауыр көрпені серпіп тастап, ауыр дем алды. С.Жүн. ~ Жоқ әлде мені танымай қап, кеше әлгі қорлап айтқан сөз үшін күйзеле ме? Әйтеуір, қалай болғанда да, Ғалия маған бұрынғыдай емес. Өзгерген. Жат болған. Б.Соқп. ~ Бейсембі. Туысқанымның ісін өзім тексеремін. Жат болып кеткен жауды отырғызбаймын. Жаттың сыншысының керегі жоқ. Бұл үйден шық. Қылқиып іздеп келіп отырғаның пәле ғой тағы. М.Әу.