Күйеуге шығып, басқа үйдің түтінін түтетені қыз баланың тағдырына меңзейді. ~ Құдайдың бұйрығы. Əйтеуір жат жұрттық боп жаралғасын, қимағанмен қайтейік енді… – дегенде, Күнікей ұшып түрегеліп, тарс-тұрс етіп шыға жөнелді. Ж.Айм. ~ Бітімге, бірлікке келейік. Ұл ұяға, қыз қияға қонады. Жат жұрттыққа жаралған бір қарындас өз теңін тауыпты. Бір жігіт отауын көтеріпті. Ел бүлінетін қылмыс емес қой бұл. С.См. ~ Бір баланың бар екенін көріп отырсаңдар. Жат жұрттыққа жаратқан соң жолына тікен бола алмаймыз. Баланың өзі білет те. Қ.Ысқ. ~ Мен де біреудің перзенті едім. Жат жұрттық боп жаралды демесеңіз, мен де ата- анамның аялап өсірген баласы едім. Қыз боп туғаныма қорланбап ем, мына қорлық сай- сүйегімді сырқыратты ғой. Б.Мом. ~ Жат жұрттыққа жаралған бiр шаранасын маған балала ғып алуға қисын да, құдай дескен мың жылдық құда болсын! Төре көнерген сүйектi жаңғыртқысы келедi де! К.Сег. ~ «Бидайдың баратын жерi – диiрмен», жат жұрттық боп жаратылған соң қыз баланың түптiң-түбiнде бiр кетерiн бiлгенмен, бiрақ ол тықыр дәл бұлай аяқасты тез таянар деп ойламаған. Т.Сәук.
