Posted in

ЖАТ ҚЫЛЫҚ

Қолайсыз, бейәдеп мінез-құлық. ~ Онымен кездесу сәтін сан саққа жүгіртіп көз алдына келтіруші еді. Бірақ тап әлгідей жат қылық болады деп әсте ойламаған. Д.Дос. ~ Жетекке ерген ботадай томпаңдап қалмай келеді қатардан. Жат қылығы болмағаннан кейін Дәу апа да, Хансұлу да оны аңдуды қойды. С.Елу. ~ Әскерге әке ұлын аттандырды. Сәт сапар тіледі жұрт, мақтан қылды Ел ішіне сүйкімді, мақтаулы ұлды, Жасама деп жат қылық сақтандырды. М.Мақ.