а). Сұраққа орай өз ойын, уәжін айтты. ~ Тағы əлгіндей сөйлесіп кетті. Енді манағыдай емес, Мұқан мұғалімнен ұялуын қойды. Сұрағанына жауап беріп, өзі де көрген білгендерін айтып жіберді. Ж.Айм. ~ Сен кімсің деген сұраса, мен совет азаматымын, алматылықпын деп жауап беруге жаным құмар. Б.Бұлқ.
ә) Әлдебір жұмысты өз мойнына алды, міндеттенді. ~ Бұл ол емес, басқа жұмыс… Бұл үлкен жұмыс.
Бұны істейтін сен емес, «біз»… келістік бе? Бәріне жауап беретін мен… Ж. Айм.~ Бірақ маған айтпа, білдің бе?! Көзім тірі тұрғанда өз ісіме өзім жауап беремін. К.Сег.
б). Істеген қателігі не қылмысының жазасын көтерді. ~ Жарайды. Бірақ екінші рет қателеспеймін деп уәде бер. Саперлердің мақалы бар. «Сапер бір- ақ рет қателеседі, сол қатесіне жауап береді» деген. Б.Бұлқ. ~ Жігіт жер болып, тіс жара алмай қалды. Не десін! Анасының бір кездегі қателігіне баласы басымен жауап беріп отырды… С.Досж. ~— Тіліңді тарта сөйле, ақсақал! Бұл сөзің үшін заң алдында жауап бересің. Мынау өзі тіріліпті ғой, — деп күбірлеп жылқы арасынан шықты. С.Елуб.
в) Жаңғырық ретінде әлдебір дыбысты не әрекетті қайталады. ~ Сонда станциядан мылтық дауысы дүмп етті… Казарма көшесінен екінші дүмпіл, кеңес дүмпілі жауап берді… Ж.Айм.
