Ашу қысты, зілденді. * Әбден басы қатқан. Бұжыр беті одан сайын жауар бұлттай түнеріп кете бермек ойы, кенет әлденесін ұмытқандай соңына қайрылғанда, құйрығын бұлғаңдата ере берген көкқасқа қаншықты теуіп кеп қалған. Ш.Құм. ~ Қарашобыр қалың қауымды жусатып-өргізіп жүрген Нұрсәлімнің қабағы жауар бұлттай түнеріп тұрса да, бет әлпеті сабырлы, қимылы салмақты еді. Ғ.Біл. Нұрлыбай жауар бұлттай тұнжырап біраз отырды да, бірдемеге бел буғандай болып қаламды құшырланып ұстады. Қағазының басына жазылатын сөзді қайтадан ондап жазды да, енді керегіне кіре берем дегенде, тағы малтығып басын жоғары көтерді. Б.Майл. ~ Бәрін жинап кеңес құрды. Болған жағдайды өзі баяндап, қандай шара қолдану керектігін сұрады. Жиналғандардың қабақтары қарс жабылып, жауар
бұлттай түнеріп отыр. Б.Тоғ. ~ Ашулы бүркіт көзі бір жарқыл ұшқын шашып күпшек санын құйрығымен
қамшылады. Бүл – іште булыққан өмірпаз тұма күштің, көп ұзамай жанартаудай сыртқа тебер жігердің дүмпуі
еді. Шойынқара жауар бұлттай түнеріп келенің соңынан жардай құлап ұмтылды. С.Ел. ~ Әбігерге түстік. Жолыққан
адамдарымыз әр түрлі жақты нұсқап әбден шаршатты. Қырға шықтық, ойға түстік – таппадық. Енді бір-бірімізге
деген реніштер айтыла бастады. Жүргізушінің қабағы жауар бұлттай түнерді. Ә.Ысқ. ~ Әбділхан жауар бұлттай түнеріп, ердің қасына бүк түсе шауып барады. Ш.Айт. ~ Жауар бұлттай түнеріп, дауылдатқан жынды Қадыр кенет
жадырап күліп жіберді. Т.Сәу. ~ Мауреннахр бұқарасының да өшпендігі күшеюде. Ақсақ Темір
ұрпақтары іштен тынып, сәтті күнін күтіп отыр. Солтүстік-батыс тұсы да жауар күндей түнеріп тұр. І.Есенб.
