Posted in

ЖАУДАЙ ЖАҒАЛАСТЫ (ҚЫРҚЫСТЫ, САСТЫРДЫ)

Жауша дауласты, арпалысты. ~ Арпалыасып тұрған арланның мойынына ит көйлекті апарып байламас па еді. Сонда жаудай жағаласып тұрған ит бірақ атып жоғалар еді. Ә.Кек. ~ Жауқаштыңыз, Мәмбет әулетінің шежіресі бойынша, тақыр кедей екен. Бірақ еті тірі, сөз ұстаған, пысық болыпты. Жастайынан жұртпен жаудай жағаласып, екі иығын жұлып жеп өсіпті. Т.Әбд. ~ Басшының, редактордың, көсемдердің өкшесі қисық деген кісімен шәт-шәлекейі шыға ұрсысып, жаудай жағаласып балам жүр ғой. Д.Досж. ~ Сәкен бұрынғы әңгімелерінде қасқырды өзенге маңайлатпайды екен, әлгі әңгүдік шалмен жаудай жағаласып отырып, өзенге қалай жіберіп алғанын байқамай қалыпты. Т.Әбд. ~ Солардың бәрімен жаудай жағаласып жүріп, бүгінгі мерекеге ойын–сауық кешін дайындау Бәйтенге кәдімгідей сын болды. Т.Әбд. ~ Қазақта «төреге ерген ерін арқалайды» деген мақал да бар. Ар жағын қоя тұрғанда, Айғанымның өз тұсындағы Абылай ұрпақтары бір-бірімен жаудай қырқысты. С.Мұқ. ~ Той кезінде бір топ адамның көзінше Тоқтасқа: «Әй, шыныңды айтшы, келіншегіңді жақсы көресің бе, әлде апанды жақсы көресің бе?” деп жаудай састырған. Т.Нұрм.