Posted in

ЖАУДАН ҚАЙТПАҒАН

Кез-келген дұшпанға төтеп берген, ержүрек батыр туралы. ~ Төмен тап Еуропада майдан ашса, Серт қылып белін байлап, туын жазса. Алтайдан жәрдем күтіп, жаудан қайтпай, Не өлмек, не жеңбек боп ұрандасса. А.Байт. ~ Батыр теңселген. Бүкіл ішкі сарайында жан азабы аңырап қоя берді. Япыр-ау, не нәрсеге душар болғалы отыр. Жаудан қайтпаған, өлімнен сескенбеген жүрегі… Н.Дәут. ~… ұстазы Қабден Байдосов ақтық сәтте: “Атаң жаудан қайтпаған, қара бала, бас қамшыны!” – деп, айқай сал-ғанда, Жақсылық болгар Павел Христовты алып ұрып, жауырынын жерге тигізген! Ж.Айтб. ~ Ошағының отын әзер жағып жүрген салпы етек, шайпау келіннің тілі тиді. Жаудан қайтпаған жүрегім бір шүйке бастан шайлықты. Енді өмір сүргім келмейді, мені қасыңа алып қал, құрдас… А.Өтег.