Оқыстан келген апат, жайсыз жағдай туралы. ~ Жаумай жасын түскендей болған ел Кәрмішті кім өлтіргенін білмей, қан жылап отырғанда Қареке жау қолынан қашып шығып,мән-жайды айтады. Ж.Шәк. ~ … бір шатқалаң шақтарда Рахия бәйбіше: «Кұдайдан жасырмағанды сенен несіне жасырайын, Еркін сенің кіндігіңнен», – дегенде төбесінен жаумай жасын түскендей болып еді. О.Бөк.
