а) Қамауға алды. * Көшеде неше түрлі алып қашты хабарлар жүр. «Атыс болғалы жатыр», «Алашорда кісілерін іздеп жатыр», «пәленді, түгенді жауып қойыпты» деседі. Алаш қаласы аласапыран, байлар қашып кетіп жатыр. Ж.Айм. * Семейде «алашорда» әскері жасалыпты. Анненков деген атаман кеп әскермен Семейге келіп орнап, қазақ азаматтарының екеуін жауып қойыпты. Ж.Айм.
ә) Доғарды, басқа мәселеге көшті. * Бақтығұл жаңағы сөзді нық байлау сияқты айтты да, артынан қайта қайырмай, үндемей жауып қойды. М.Әу. * Қонақ болыстардың Байкөкше сөзiн жақтырмағанын Оспан да байқады. Ол Байкөкшенi ұнатпай: – Жә, ендiгiңдi жауып қой! – деп, қонақтарға қымыз құйып, өз қолымен тостағандар ұзата бастады. М.Әу.
