Posted in

ЖАУЫРДЫ ЖАБА ТОҚЫДЫ

Біреудің мінін, кемшілігін, қатесін жасыруға, мән бермеуге тырысты, жуып-шайды. * Əлгіндей айта салғаны болмаса, өз елі де, көрші ел де жек көрген жақтың кісілерін «құйыршық» дей беретінін, «болдомошынның» іші сезуші еді, жауырды жаба тоқып, сөздің бетін басқа жаққа бұрды… Ж.Айм. * Тілмаш пен шолақ төрені тұлпар санап, жауырды жаба тоқығандай боп исі оқыған қазақтың бәрін бірдей керегіне жаратпақ болған бұл төңкеріс Ғайшаны бірталай аспандатып көтергендей болды. М.Әу. * ” Біз меньшевиктер емеспіз. Қиыншылықтан, қорқыныштан қаймығып, жауырды жаба тоқып жүре бермейміз…” М.Дәу.