Posted in

ЖАУЫРЫНЫ ҚАҚПАҚТАЙ

Батыр тұлғалы, балуан денелі, кең жауырынды адам туралы. * Бадырақ — байдың жалшысы. Жасы жиырманың екеуінде, орта бойлы, дембелше, жауырыны қақпақтай, жас жігіттің алыбы еді. І.Жанс. * Ол – Жанысбек, әнші, сері, жауырыны қақпақтай палуан денелі. Елшібек қажылыққа ерткен нөкердің бірі. Ш.Құм. * Қақпақтай жауырыны, биік тұлғасы, қалың қабағы, сұсы мол ажары – бұл кісінің тегін адам еместігін аңғартты. Д.Дос. * Енді бірде оның қақпақтай кең жауырыны Сиырбақтың қақпасының алдынан қараң еткенін терезеден көзім шалып қалды. Қ.Ысқ.