Бал ашты. ~ Қара пышақ манағыдай сусылдамай кібіртіктейін деді. Мынау жауырын. Жауырын қарап, бал ашатындай мұның қай бір алыс жолда жүрген жолаушысы бар… Қақшиған кәрі жілік… Ә.Кек. ~ Алтай жағынан қыз алуға келгендер ығайлар мен сығайлар еді. Би-мырзалар, шежірекеш-шешендер, сықақкөй, әнші-күйшілер, ақын, сыбызғышы, мерген, қамшыгер, түйе балуандар, асық атқыш, тоғызқұмалақшы, дойбышылар, онымен қоса жауырын қарайтын көріпкелі бар құмалақ салғыш, бақсы-балгер, қымыз ішкіш, ет жегіш, май жұтқыштар да келген. Ж.Баб.
