Әлде бірдеңеден запыс болып, тынышы кету, ер қашты болу мағынасында айтылады. * Ерке тотай Торғынның өзі оның алдында жауыр аттай қайқаңдап тұрғаны. Ә.Кек. * … пәтуәлi ештеңе айтпай, арқасына ер батқан жауыр аттай ары-берi қипақтап, ақыры парторгқа жiберген. Т.Сәу. * “Жауыр аттай қиралаңдап, ол жаманға не жоқ- ей! ” деген, бұл сөз сұрап, мінбеге шыға берген. Сонда бұл жауыр ат, ол арғымақ! Ә.Тар.
