Posted in

ЖАУЫР ЕТТІ (ҚЫЛДЫ)

Ығыр қылды, әбден жалқтырды. * Қасқаның да жетіскені шамалы, бес биенің жатырын бітеп тастаған соң іздегені үйір, түнде кісенде, күндіз желі басында шала жусап, байғұс төстабанын қаға – қаға жауыр қылуға айналды. Қ.Ысқ. ~ Қай әнді айтамыз? — «Ақ бантикті». — Айта – айта жауыр қылдық қой. Н.Сер. * «Ел — бірлігі», «Көп берекесі» деген сөзді жайдақ мініп, жауыр ғып болмадық па, ағайын! Жаба тоқып жүре беру мұраң ба? Ж.Ахм. * Бекет білгенін айтып құтылар еді, бірақ оны қисық мұрын қанағат тұтсын ба, он бес жылдан бері Алтайдың сауырын ұлтанымен жауыр қылған мүскененің ішінде Бекет білмейтін де не пәле жатқан шығар -ау… Қ.Ысқ. * Тіпті, ертеңгісін қандай ән, кешке қандай ән берілетініне әдеттенгеніміз сонша, айтпай-ақ біліп отыратын болдық. Қайталай беретін әндер бізді жалықтырды, құлағымызды әбден жауыр етті. Д.Кіш.