Қорқатындай ештеңе жоқ, не қылар дейсің д.м. ~ Марғуа қорыққанынан өзін тым оғаш ұстап отырғанына қолайсызданып, ұялыс тауып қалды. Рас-ау. Вагон толы адамның арасында бұны жау ала ма? Ш.Бей. ~ “Апа, қайдағыны айтып неғыласыз, май шелпекті үзіп жеп, жас еттің сорпасын үрлеп ішіп жайыңызға отырсаңыз жау ала ма сізді.” Д.Дос. ~ Қайда асығасың, қонып кет. Сенің көпіріңді жау алар дейсің бе,— деді Жанпейіс. Өзі малға кетті. Ә.Әл. ~ Бара бер, өзіміз– ақ қараймыз малды. Екі күннің ішінде топалаң тигіріңді жау алар дейсің бе?! К.Сег.
