Қиын-қыстау, шешуші сағатта, жау төніп тұрғанда. ~ Келер жазға дейін біз дайын тұруымыз керек. Ет бұзылса тұз себесің, тұз бұзылса не себесің? Жау жағадан алғанда кермек татып не табасың? Қапылыста жинала қоюға, жер шалғай. І.Ес. ~ «Қыз әкенiң жауы деп бекер айтылмаған екен ғой, – деп ойлады ол. – Жау жағадан алғанда, бөрi етектен тартқаны осы болғаны да. Р.Рай. ~ «Жау жағадан алғанда жанымнан табылмаған, басыма күн туғанда пәле салып, табашым болған Әрін енді басқа емес, көресісін тұп-тура менен көредің деп қаһарын тіккен екен деуші еді ел. Ж.Сәмит.
