Posted in

ЖАУ ТҮСІРЕРДЕЙ

Қаһарлы, сұсты, шешімта кейіп туралы. . ~ Найзаларын салақтатып, айбалталарын жалақтатып, жау түсірердей боп келе жатқан бұл шоғыр − көш басы, шолғыншы топ. Ә.Кек. ~ Ой-буй, шырқатып ән салатындай сізге не көрінген? Әлде алтын білезіктің буы ма шыдатпай бара жатқан? Таңертеңгі жау түсірердей екпін қайда қалды?.. Р.Отарб. ~ Сайға таман жете бере сары атанның бақырғаны, біздің Жетердің жау түсірердей шыж– быж болып, абалағаны естілді. К.Сег.