Орынсыз асығу туралы. ~ Ондай палуан қыздың қасында жұдырықтай Ғайшаға күн көру қайда, жау қуғандай кіріп келген бетте өзін байқамаппын да. М.Қаб. ~ Таң әлетінен жау қуғандай жөңкіген жұрт бір жаманатты аңғартқандай. І.Ес. ~ Алдымен өкпек желдің сүйемелдеуімен болар- болмас ыңылдайды. Дауыс ырғағын өстіп жөнге түсіреді. Жау қуғандай бірден жоғарғы ырғаққа көшуді жаны қаламайды. Солай үйренген. Қ.Жиен. ~- Гүля, шефтің кабинетін желдетіп пе ең?-деді ол жау қуып келен жатқандай ентіге сөйлеп. С.Досан.
