Posted in

ЖАЯУ БОРАСЫН

Бораннан гөрі бәсеңірек соғатын қарлы жел. ~ Əкей тысқа тағы шығып келді де пəлені жаудырды. – Жел тұрды. Жаяу борасын жүрді. Сиыр тоңқайып барады. Ж.Айм. Мал тебіндемей жайылады. Ылғал мол. Кейде жел тұрып, жаяу борасын жүріп кетуі мүмкін. М.Мағ.~ Жаяу борасын ойдым-ойдым сұр қардың бетін тырмалап, қиыршығын қанкөбелек ойнатады. Н.Дәут. ~ Дала лезде ымырттанып, лезде қараңғы түсіп бара жатты. Аяз да қатайып, жаяу борасын жалдана жылжып, жыландай сумаңдайды. М.Мағ.