Posted in

ЖАЯУ-ЖАЛПЫ

а) Жаяу, әупірімдеп. . ~ Былай тартсаң былай, олай тартсаң олай жетпейтін айлықпен жаяу жалпы балпаң-балпаң басып келе жатқанына қанша жыл. Н.Дәу. ~ Ол сонау алыстағы Ертіс бойын мекендейтін төркін жұртын, ата-бабаларымыздың Баянауылдан осы жерге жаяу-жалпы шұбырып келгенін еске түсіріп, өлендетіп кететін. С.Ом. ~ Айдын жаяу-жалпы, арып-ашып Алматыға жеткенше арада үш ай өтіп кетіп еді. С.Дос . ~ Қыз басын изеді, лыпылдап шығып кетті. Шынында да, Елтай жаңа ғана жиырма жеті жастық ғұмырын жаяу-жалпы аралап өтіп еді. М.Қаб.
ә) Мінерге аты жоқ кедей. ~ Анығында сол жаяу-жалпы, жоқ-жітік, қалың ел, атақсыз көптің осы күндерде Абаймен жыласуы өзгеше. М.Әу.