Posted in

ЖАЯУ САЛ (СЕРІ)

Мінерге аты болмаса да, сауық-сайранға әуес жігіт. ~ Құйылды дос-дұспанның сыры барлық, Маған тек бүйырмады іші тарлық. Ел-жұртты аралаудан жалықпадым, Тәңірім жаратса да жаяу сал ғып. Т.Әл. ~ Базардың бағасының арзанында, Өзіме ырзамын да, нарзамын да! Көп серік жаяу салға керек емес, Біреуің көңіл үшін қал жанымда! Т.Әл. ~ Күресте балуан шақ келтірмеген шымыр жігіт «жаяу салдықтан» да түңіліп, ақыры ұрлықпен айналысты. Т.Әл. ~ Бір күні редакцияның шарушылық бөлімінде Белгібай деген бір кинодағы Төлегеннен аумайтын әдемі жігіт пайда болды. Қалжыңға қылап, ән де салатын ол да жаяу серінің бірі екен. Тез тіл табысып арамызға қосып алдық. Бір күні әлгі жаңа досымыз шегі қатып кабинетіме келіп тұр. С.Жәм.