а) Көлігінен айрылды. ~ Бірақ шындықтарына жету қиын — сол түні «пәлен ұры жүріс қылған екен, түген ұры жүріс қылған екен» деген сөз таратып, атты шын ұрлаған ұры, алдырған кісіні бөтен ізге салып жіберуі де мүмкін. Күрең ат жоқ болды. Бетпақта жаяу қалдым. С.Сей. ~ «Е-е-е, әкенің малы балаға мал емес» деген рас екен-ау деп торықты. Жаяу қалған Алдаш өз ісіне, әрине, іштей қатты өкініп, көңілі сынық күйде ұзақ жүрді. Қ.Тіл.
ә) Жоқшылыққа ұшырады, жұтады, тақыр жерге қарап қалды. ~ Қазақ байлығы жылқысында. Қысқа қарай жылқы малын ықтасыны бар, қара отты шұбарға жақын ұстамасаң — «Байлық — бір жұттық, батыр — бір оқтық» — кейде тақыр-таза жаяу да қаласың. Жаяу қалған адам несімен адам?.. Несімен қазақ? Ғ.Мүс. ~ Тойға барушы едік-ау Бір костюмді кезектеп. Жаяу қалушы едік-ау Бес тиынсыз безектеп. Ғ.Қай.
б) Артта қалды, көштен қалды. ~ Олжас та таусылуға таяу. Өйткені, «объектісі» аз. Тұрмыстық пародия секілді басқа формаға көшпесе, жарты жолда жаяу қалады-ау… К.Әм
