Posted in

ЖАҒАСЫ ЖЫРТЫЛДЫ

Таяқ жеді, запа шекті, қорлық көрді. ~ Еңбек пен азап ештеңе емес. Жазықсыз жаладан коп жарақаттандым. Арпалыстан жағам талай жыртылды. Ш.Мұр. ~ Қазақ халқының жығасы жығылып, жағасы жыртылған, салыны суға кетіп, әр бұтаның түбінен жансауға тілеген, қара саба тігісінен сөгіліп, желі арқаны үзіліп, құлыны құланға айналған. Ғ.Біл. ~ Партбюрода Данаштың тәртібін қадағалауды шаруашылық басшысына міндеттеді. Жас маманды қақпайлағаны атап көрсетілді. Жағасы жыртылған тракторшы біреулердің сөзіне азды ма, тіке ауданға шағынып, заң орындарының есігін тоздырды. Ө.Кәр. ~ Балғынбек, айтшы осыны, сіз жақтағы ағалар, Бұзады неге шырқымды? Қолдау таппай ешкімнен, Қайран қазақ тілінің, Жағасы да жыртылды. Айтып-айтпай немене, дінімізді де бүлдірді. Р.Зай.