Керек қылмады, құтылуға асықты. . ~ Ол уақытша мақтауларға желі тартқанмен, өмір толқыны бір күндері жаңқадай жағаға лақтырып жіберері күмәнсіз. С.Мәм. ~ Өлең маған не берді? Ол маған мәңгілікті, шексіздікті жоралғы жасады. Шамалыны жағасына жаңқадай лақтырып тастайтын екпіні қатты ағыны бар өмір-өзенде ағысқа қарсы жүзуді үйретті. А.Рам. ~ Күн сайын өзгеріп жатқан дүниенің ағысы тыйыммен, тәртіппен өсірген ұрпағыңды жағаға жаңқадай шығарып тастамас үшін оның ырғағымен үйлесім табуды көздеу керек дейік… А.Каб
