Posted in

ЖАҚСЫ АТТЫ КӨРІНДІ (БОЛДЫ )

Елге сыйлы болды; аты шықты, абыройға бөленді; абыройын сақтап қалуға, игі ниетті адам болып көрінуге тырысты. ~ Бұл теріс үгіт емес, жарқыным. Жанымды қорлаған соң, жауабымды айтып отырмын. Мен сендерге «құдай жоқ» деп жақсы атты көрінгенмен, жүрегім құдайға сеніп тұрса, мен өтірік айтқан болып шықпаймын ба? Мен шынымды айтып отырмын. Т.Әбд. ~ Оңдағы ойы — оны мұсылмандарды патша өкіметінің игі ниетіне иландыру, біртіндеп жаңа тәртіпке көшпенділердің етін үйрету еді. Осы арқылы ол Сартай Шыңғысовқа да, одан асса бүкіл бүлікшілерге жақсы атты көрініп, ықпал жасамақшы. С.Ақт. ~ Ең қызығы, мұны өзі біліп тұрған жоқ, басқаға да Елтайға да есебін тауып, жақсы атты көріндім деп, мәре-сәре. М.Қаб. ~ Бәлеге, жаманшылыққа өздері сүңгітіп жіберіп, аяғында сол жолда бұны құрбан қылып, өздері жақсы атты, таза кісі болып қалды. М.Әу.