Қандай болғанда да, қалай болмасын; не дегенмен; әйтеуір. ~ Жақсы болсын, жаман болсын, өзіңнің ұнатып тигеніңді айтсаңшы. Б.Май. * Өмірді зерттеу дегеніңіз алыс бір
түкпірден емес, өз үйіңнен, өз көшеңнен басталмай ма? Жақсы болсын, жаман болсын, замандас дегеніңіз – осылар. Қ.Жұм. * “Қайтып келсе, мен қарсы емеспін ғой! Тек жас өмірімді өксіткеніне өкінем… Баламның әкесі ғой, жақсы болсын, жаман болсын!” дейді. А.Алт. * Бір парасы – бенде ізгілік, жауыздықтың еш-біреуін де кісіге бере алмайды, жақсы болсын, жаман болсын әркім өз ғамалының жазасын өзі көреді деседі. Ғ.Қар.
