Posted in

ЖАҚСЫ КӨРДІ

Ұнатты, іш тартты, жаратты; сүйді. ~ Шолпан- ның мынау сөзінен, мынау көзқарасынан сасыңқырап, тығылыңқырап қалған Әзімбай: – Жоқ. Жақсы көрген дегенім ғой. Тәңірі, неше жыл қатын болса да, бала таба алмаған әйел кәрі бола ма? М.Жұм. ~ Өмірінде тұңғыш рет жан-дүниесі елжірей біреуді жақсы көріп, оттай құшағында бақыттан балбырап, жылап жатты… С.Досж. * Текті жердің баласы ғой! – дейтін нағашы аға да, Нағашы аға да Танкисті ерекше жақсы көретін. Ә.Тар.