Posted in

ЖАҚСЫ МЕН ЖАМАННЫҢ (ЖАҚСЫ-ЖАМАННЫҢ) ПАРҚЫН БІЛЕДІ

Оң-солын айыра алады, дұрыс бағалайды. ~ Ойын аяғы күбір– күбір әңгіме, жігіт пен қыздың екеу ара сыңқыл күлкісіне айналған. Осында жақсы мен жаманның парқын білмей, ойсыз елеуреп отырған жалғыз Әли ғана. С.Ом. ~ Жақсы мен жаманның парқын білмеуден бетер миғұла– мəңгүрттік бола ма? З.Қаб. ~ Қазақстанның Ғылым академиясы пішту болмай қалды. Москваның өзі ұсынып отыр. Ондағылар жақсы-жаманның парқын біледі ғой. Т.Сәу.