Таяу арада, алдағы күндері. ~ Бірдемені сезгендей жүрек ақырын лүпілдеп күтеді. «Патша жақын арада түседі» деген иман көкірекке бекіп орнауда. Жүрек күтуде. С.Сей. ~ Баламды шешеме беріп жібердім. Енді жалғызбын. Жақын арада сәбиіміз дүниеге келеді, енді бірге тұратын шығармыз, — деді тағы бірде. Қ.Мүб.
Бірер уақыт бұрын. ~ Жақын арада Қызылорда маңында бір əйел өлген ед. Сол күні апарып көміпті. Ертеңіне ері мола басына құран оқуға барса, көрден «мені қазып ал, тірілдім» деген дауыс шыққан… Ж.Айм. ~ Жақын арада сол ауылда бір жұмысым болып барсам, әлгі орыс әйелімен екеуі қораларының жанындағы арықтың жиегімен күрекпен қопарып, бір нәрселер егіп жүр екен. С.Бег.
Осы маңайда. ~ Арада екі-үш ай өткен соң, бәйге Құла үшті-күйді жоғалды. Пышан мұны Үрімжаннан көрді. «Ұры жіберіп алдырған сол, жақын арада менің қазынама қол салатын жүрегі түк адам туған жоқ», — деп бірден кесті. Б.Тоғ. ~ Ешкімнен қайыр болмапты. Сосын, амал жоқ, қызына айтқан көрінеді. Жақын арада жанар май бекеті жоқ, жолдан бензин ала келуін тапсырыпты. Тапсырманы бұлжытпай орындаған әлгі қыз, таксилетіп келіп тұр дейді. А.Нүс.
