Posted in

ЖАҚЫН ТҰТТЫ

Іш тартты, жақынға санады; туыс көрді; тең санады.
~ … өзге рулардан бір табан саған жақын еді, сондықтан Есенейден гөрі сені жақын тұтып, бірінші рет саған сөйлесіп отырмын, – деп бастап, татулық әңгімесін айтып еді. С.Мұқ. ~ Екі-ақ дүркін кездесіп, әлі де “сізін” ұмыта алмай, “сенге” көше алмай жүрген Асекеңді жатсынбаса да жақын тұта алмай, заимкені, пәтуәсіз болса да Бескемпірдің оспақ әзілін, шала піскен макаронның көкаяз көжесін аңсады. Қ.Ысқ. ~ Ал Эдуардтың бұған дейін қастерлеп жүрегіне жақын тұтатын ештеңесі қалмағандықтан даңқпен оңай табысқан. Т.Әбд.