Posted in

ЖАҚ (ЖАҒЫНЫҢ) ЖҮНІ ҮРПИДІ

Әбден шаршап, азып-тозды, берекесі кетті, көңілі пәс болды. ~ Балалар көздері жасаурап, жағының жүні үрпиіп, есінеп-есінеп ызыңдап, ыңылдайды, әйтеуір дауыс шығарып, ән қосқанына мәз. А.Байт. ~ Злиха бүгін көңілсіз. Көңілсіз болғанда жайшылықтағыдай емес, бүгін өзгеше өңі қашып, жақ жүні үрпиіп берекесі кетіп отыр. Не істейтінін, не істеп отырғанын езі де білмейтін секілді. Б.Май. ~ Әлі де боп-боз, жақ жүні үрпиіп кеткен ақ көйлекті Лужин сұлқ жатыр. Ф.Дост. ~ Сондай-ақ, Ағаштар – тірі ескерткіш. Қиялым ғана – дүниені өзгерткіш. Дүр-дүр сілкініп те алам, Мұздан жаратылған жындыдай. Жақ жүні үрпиген Күн-Құдай. Т.Әбд. ~ Балалар көздері жасаурап, жағының жүні үрпиіп, есінеп-есінеп ызыңдап, ыңылдайды, әйтеуір дауыс шығарып, ән қосқанына мәз. А.Байт.