Тілінен бал тамған ділмар. ~ Баяғыда, – деді Бати қоңыр үнмен, – осы қаракерей елінде Қисық хан деген би өмір сүріпті. Ол өзі Орта жүздің ең соңғы ханы – қарадан шыққан хан, жақ жоқ шешен, алмастай өткір адам болыпты. О.Бөк. ~ Әлеумет Ер Сегізге ұлықсат етсең, Баяндап бір көрейін Базарбайды. Елімнен қашқын болып шыққан кезде, Жолықтым Шекті, Табын, Тама, Ілезге, Шектінің Арыстаны мен Ілез Жанқасқа, Жағы жоқ шешен екен сөйлер сөзге. Сегіз с.
