Posted in

ЖАҢА АЙДАЙ (АЙДА) ЖАРЫЛҚА, ЕСКІ АЙДАЙ (АЙДА) ЕСІРКЕ

Ай жаңа туғанда айтылатын тілек, бата. ~ Жаңа айға қарап тұрып «Ей, Тәңірім, жаңа айдай жарылқа, ескі айдай есірке. Еліме тыныштық, отбасыма амандық бер», – деп бетін сипаған. Ж.Баб. ~ Кенет Есен әлденеден шошып кеткендей, шыбыртқысын тастай салып, көкке қарап қолын жайып: ─ Ай көрдім, аман көрдім, жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке! – деп күбірлей жөнелді. Т.Әб.