Posted in

ЖАҢЫЛМАС ЖАҚ, СҮРІНБЕС ТҰЯҚ ЖОҚ

Қателеспейтін адам болмайды д.м. (мәтел).~ Тауып айттың-ау, балам. «Жаңылмас жақ, сүрінбес тұяқ» болмас. Сүрінген екем. Хиянат тек ру мен рудың арасында емес, Бегайдардың өзінде де жетеді. «Күш атасын танымас», айла ақылдан аспас. «Өнер жастан, асыл тастан». Заманы туған — гүл, заманы кеткен — күл. Мен айттым, сен түй, — деді де Әмір атын сипай қамшылап жүре берді. Ой басып, ауыр жүре, Сарыбала үйіне беттеді.. Ғ.Мұст. ~ “Жаңылмас жақ, сүрінбес тұяқ жоқ” дейді. Жаңылған мен сүрінгеннің қолтығынан демеп, азамат қатарына қосып жібермесек, біздің азаматтығымыз, қала берді, тіпті елдік дәстүріміз қайда? О.Сәр. ~ Батыр алты Әлімге өкпелі еді. Ағайын жылап келгенде, таудай өкпе тарайды. Өткенді кешсін. Жаңылмас жақ, сүрінбес тұяқ жоқ екен, ол шындыққа сексенге шыққан жасымда көзім жетіп отыр. Осы елдің басына бұғалық түсетін жолы құрық алдырғанның бірі мен едім. З.Шүк.