Posted in

ЖАҢҚА ҚҰРЛЫ КӨРМЕДІ (БОЛМАДЫ)

Кедергіге санамады, бұйым көрмеді, елеген де жоқ. ~ Белінде отырған шүйкедей иесінің салмағына үйренген ат оны жаңқа құрлы көрер емес. С.Жүн. ~ Қадаулы тұрған айна, ойлағандай аса берік емес екен, жаңқа құрлы болмай, опырылып түсті де, қатты қимылдаған Сағидолла сүйменнің екпінімен дедектеп жайпақ төбеге тіреліп, одан әлденеге сүрініп, өзін–өзі тоқтата алмай, жан түршіктіре бақырып, мазардың төбесінен құлады. Т.Әбд. ~ Әлдекімдер мені тіпті жаңқа құрлы көрмеді, Әлдекімдер құрақ ұшып орнын берді төрдегі. Әлдекімдер садақ тартты сыртымнан, Ал мен бірақ өлмедім.С.Шәт. ~ Аюдың қонжығы өзен ағысын қызықтап жарқабақтан қарап тұрғанда құлап кетіпті. Арыны қатты тау суы қорбаңдаған қонжықты жаңқа құрлы көрмей, қақпақылдап ала жөнеледі. ҚАӘ.