Posted in

ЖАҺАННАМҒА ЖІБЕРДІ (ЖӨНЕЛТТІ)

Өлтірді, о дүниеге аттандырды. ~ Азу тісі ақсиып: “Жаһаннамға жіберейін! ” – деп, зікір сала тебітті Садақбайға. Екі көзі ақықтай сүзілген, ішіп– жеп барады. О.Бөк. ~ Егер Батыр қазір жасақтарына иек қақса, мына жалғыздың жанын қас қағымда жаһаннамға жібере салады. Н.Дәу. ~ Анау жан дәрмен айқайлап, көмек шақырмақ болып еді, оған мұршасын келтірмей, күректей қолымен тамағынан қыса қойды: – Дыбысыңды шығарма, иттің баласы! Әйтпесе қарауылдарың жетіп үлгіргенше, жаныңды жаһаннамға жіберемін, — деді зеки тіл қатып. Қ.Жұм. ~ Найманқұл! – Мақанның даусы біреу тұншықтырғандай қылғынды. – Жоқ Найманқұлың! Жоқ ол! Ал, сен сұмырайды қазір жаһаннамға жөнелтем. С.См. ~ Бар қолынан келген амалы: жазықсызды жазықты ғып өлім жазасына кескізіп, кебін пішіп, тәнді жерге, жанды жаһаннамға жөнелтпек болды. С.См.