Posted in

ЖЕБЕДЕЙ АТЫЛДЫ

Оқтай ұшты. ~ Мұндай тікенді тіркестерден қалса, кейіпкер суретін жасаудағы қазақы мысқыл удай кекесін екінің
бірінде ерін ұшынан жебедей атылып жатады. Ж.Шәк. ~ Иса айналып-айналып кеп, жоғары көтеріле бере
алақанын жазып жіберді. Жебедей атылып, траектория жасай, анадай жерге дік етті. Қос табаны құм бетінен
қос шұңқыр қазды. М.Қаб. ~ Әдемісіне жолдаған сәлемі бұл: сол кезде бас төреші тапанша атты, сол сәтте
Сарқасқа да сағақтан шыққан жебедей атылды, ә дегенде-ақ жануар басқа топтан оқ бойы оза берді. Ә.Тар.
~ Осы сәтте орнынан ақыра тұрған Тоғай әлгіні ұмсынуға да үлгертпеді. Адырнадан серпілген жебедей
атылып барып, бассалды жүндес мақұлықты. М.Алм.