Жанын шығарды, көкесін танытты. ~ Бар ма екен бойларыңда өзге өнері. Балпық (Арыстанның нұсқауымен). Ендеше, жас дәупері Арыстаным, Жебедей жерге тыққан алысқанын. Қайраты, сымбатымен, тегі де бай, Үлкен сый біле білсең танысқаның!.. М.Әу. ~ Әдетте түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз болып жатқан жаз қарсаңы сирек қой. Оның үстіне Арқада ағаштар енді рең алып келе жатқанда адуынды жел әптер-тәптерімізді шығарды. Жебедей жерге тыққан жел біршама шығын да әкелді. БАҚ “Е.Қ.” ~ Аралбай жәреукелене: — Сабыр ет, тамыр! Жаңағы бір оңбаған бүлікшілердің былшылын көңіліңе алма, айналып келгенде ел біздің ырқымыздан шықпайды, — деп мөнтеңдеп еді, Бойков оны жебедей жерге кіргізіп, аузын аштырмай қойды. С.Ом.
