Posted in

ЖЕБЕДЕЙ ӨТКІР

Көзінен от ұшқындаған, батыл да терең көзқарас хақында. . ~ Мына жанар бүгінгі таныс бейтаныстың жанарына ұқсайтын сияқты. Жебедей өткір, сүңгідей, шөлдің құдығындай терең. Д.Ис. ~ Әйтсе де ол қарсы алдында отырған маңдайлы ашаң жігіттің телегей–теңіз білім мен биік парасат иесі екенін, жебедей өткір, сүңгідей салқын жанары жақынды емес, алысты көруге жаралғанын, қабырғасы қара басының ғана бүгіні мен ертеңі үшін қайыспайтынын аңғарды. Д.Ис.

Ә) Батыр, өжет, сұсты адам туралы. ~ Бұған екі елдің дауын екі ауыз сөзбен шешкен, нақтылай қысқа қайыратын, отыз тісінің арасынан ұшқан әрбір леп қара еменге қадалар сұр жебедей өткір, аруақты жан барсын. Ұ.Дос.