Posted in

ЖЕГЕНІ АЛДЫНДА, ЖЕМЕГЕНІ АРТЫНДА

Не ішем, не кием демейтін баршылық. ~ Зейнептің жегені алдында, жемегені артында, қолын жылы суға малып қойып, молшылық тұрмыстың бал дәуренін емін-еркін белден кешіп-ақ жүр. Ө.Ахм. ~ Мамам Бірлікке арнайы барып, пұл-мата, көр-жер сатып әкеліп, әзір отыр. Бір-екі тоқтыны күндіз-түні жемге байлап, жегенін алдына, жемегенін артына қойғамыз. М.Қаб.