Posted in

ЖЕГІН АТТАЙ (ӨГІЗ, СИЫР СИЯҚТЫ)

Кез-келген жұмысқа жегіле беретін көнбістік туралы. ~ Орысша семинария бітірген түгел қалаша киінген Тұрлыбек Есенейдей ұрт мінез, өр көкірек емес, заң шеңберінен шықпайтын, жегін аттай жортақы адам еді. Ғ.Мүс. ~ Анау дәудің аты Бекет, Ғұлама деуші едік. Тұқым – тұяғын, зәу-затын, ата-тегін сұраған емеспін. Леспромхоздың аяқ артар есегі де, жегін өгізі де өзі болатын. Қ.Ысқ. ~ Сосын жегін сиыр сияқты күнделікті сылбыр тіршілігі қайтадан жалғасады. Ө.Қан.