Posted in

ЖЕГІ ҚҰРТТАЙ ЖҮЙКЕСІН ЖЕДІ

Жан дүниесін, жүйкесін күйзелтті. ~ Телжан үйден шыға жөнелді. Көңілі алай-түлей. Көз алдын тұман басқандай. Мың сан сауал миын мүжіп барады, жегі құрттай жеп барады жүйкесін. Д.Әш.~ Жанарында күн күлген өнерлі елде, Оза шауып тобымнан келем өрде. Жегі құрттай жүйкемді жеп барасың. Қанады ма қышуың мен өлгенде. Р.Нияз.