Бет-жүзі алаулап, ерекше сезімге бөленді. ~ Патша құс сөзінен сабыр қылды, Тұла бой жездей балқып, майша еріді. Шешесі бекер қарап отырсын ба, Құшақтап зар еңіреді Қасен ерді. “Нұрғаз”. ~ Баласы Құндақбай өз әкесіне төртбақ, құйған қорғасындай қайратты денесімен ғана ұқсап қапты. Ал бет терісінің сары жездей балқып тұратыны шешеден дарыған деседі. Ұ.Дос. ~ Сары жездей балқыған жалпақ маңдайлы жүзі оттан суырған темірше қызарып, ал көк көздері өңменіңнен өтер суық қарудың жүзіндей көрген адамның зәресін ұшырар халге жетті. Ұ.Дос.
